2439

Назарбаев зорланған болуы мүмкін шымкенттік балаға қатысты пікір білдірді

Істің қалай жүріп жатқанын Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Фотография - Назарбаев зорланған болуы мүмкін шымкенттік балаға қатысты пікір білдірді Сурет: liter.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО Абай ауданындағы баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Істің қалай жүріп жатқанын Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz

"Мен Қауіпсіздік кеңесінде айттым... Оңтүстік Қазақстан облысындағы баланың басынан сондай жағдай өтті. Жоғары сынып оқушылары баланы зорлаған, осының айналасында шытырман басталды, дәлелдей алмады. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені барлық жерде туысқандары отырған. Полиция да, жоғары органдар да, одан әрі отырғандар да – туысқандары. Бәрі осы істі жою үшін", – деді Президент. 

Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып келді

Кейін омбудсмен баланың қазіргі жағдайы туралы пікір білдірді

Today.kz шымкенттік баланың өзімен де сөйлесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы мектептерде болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды.

Зағипа Балиева әлеуметтік желіге таралған шымкенттік бала мен әжесінің видеосына қатысты пікір білдірді.

 ҚР Президентінің жиені Нұрәли Әлиевтің отбасы балаға қамқорлық көрсетті.