Халық арасына менингиттің таралуы экономикаға қалай әсер етеді

Қазақстан
823
Қазақстанда менингиттен көз жұмғандар саны артып келеді.

Қазақстанда менингиттен көз жұмғандар саны артып келеді. Күні кеше Талдықорғанда 17 жастағы студент осы дерттен көз жұмды. Бұл осы өңірдегі менингиттен қайтыс болған төртінші адам. Биылғы жылы елімізде менингиттен 13 адам қайтыс болды. Олардың арасында балалар мен жасөспірімдер көп.

Егер менингит елге жайылып, бұл ауруға шалдығушылар саны артар болса, экономикамызға қалай әсер етеді? Қандай да бір шығын бола ма?

Экономист Мақсат Халықов Today.kz сайтына дәрт халық арасына тарар болса ел экономикасы қандай зардап шегетіні туралы баяндап берді.

Сарапшының пікірінше, адамдар ауруға шалдыққан жағдайда қуатты экономиканы құру мүмкін емес. Өйткені мемлекеттің қазынасы – ең алдымен адам.

"Бірінші кезекте еңбек күші жойылады. Ауруына байланысты жұмыс істемейді, яғни экономика өспейді, қосымша өнім шықпайды деген сөз. Екіншіден ол азаматтар ауырғандықтан емделуіне шығындар кетеді. Бұл қосымша шығынды талап етеді", – дейді экономист.

Фото -

Иә, халық арасына ауру тарайтын болса, мемлекеттің күші де төмендері сөзсіз. Ауруға шалдыққан азамат еңбекке жарамсыз болып, табыс таба алмайды. Табыс таппаған азамат салық та төлей алмайды. Салықсыз мемлекет қазынасы да тола қоймайды. Тиісінше бюджеттен түрлі салаға бөлінетін қаржы да азаяды. Сондықтан қандай дертті болмасын өршітпей алдын алған абзал.

Журналист-блоггер Өркен Кенжебек дәл қазіргі жағдайда менингитке қарсы екпенің өзі жағдайды жақсарта алмайды деп есептейді.

"Денсаулық сақтау министрлігі менингит болады деп ойламаған ба, вакцина алып үлгермеген. Қазір менингитке жасы да, кәрісі де шалдығып жатыр ғой. Оның өзінде 18 миллион адамға зорлап екпе ектіріп тастамайсың ғой. Оның үстіне вакцина деген дәрі емес. Ол біраз жылдан кейін ғана әсер етеді. Оны бір нәубет шығар деп түсіндіріп жатыр министрлік. Ол расында солай шығар", – дейді Өркен Кенжебек.

Фото -

Айта кету керек, менингиттен көз жұмғандар саны елімізде азаяр емес. Елде менингиттің таралып кетуіне байланысты Парламент Сенатының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың денсаулық сақтау Министрлігіне көңілі толмайтынын айтты.

Тоқаевтың сынынан кейін денсаулық сақтау министрі онымен келісетінін жеткізді.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить