Қазақстанда соңғы он жылда парамен ұсталған шенеуніктердің қазіргі жай-күйі

Қазақстан
2943
Today.kz редакциясы Қазақстанда соңғы 10 жылда парамен ұсталған министрлер мен олардың орынбасарларын еске түсіріп көрді.

2018 жылдың басынан бері жемқорлық жасады деген күдікпен екі энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев ұсталды. Екеуі де Шучинск-Бурабай шипажайлық аумағына бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырғаны үшін айыпталуда. Шығын көлемі – 1,7 миллиард теңге. Шенеуніктер кінәлі ме, жоқ па, оны тергеу анықтайды, тергеу жүріп жатқанда Today.kz редакциясы Қазақстанда соңғы 10 жылда парамен ұсталған министрлер мен олардың орынбасарларын еске түсіріп көрді. 

Фото -

Жақсыбек Құлекеев – экономика мен сауда-саттықтың экс-министрі, ҚР білім және ғылым экс-министрі

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып тұрған кезінде Жақсыбек Құлекеев 100 мың доллар көлемінде пара алып жатқанда ұсталған. 2008 жылдың қарашасында қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін үш жылға сотталды. 2009 жылдың қазанында бостандыққа шықты. Шығын көлемі – 341 миллион теңге. 

Фото -

Абылай Сабдалин, төтенше жағдайлар бойынша бұрынғы вице-министр

2009 жылы Сабдалин қаржы полициясы Ермек Тіленовке аса ірі көлемде пара бергені үшін (45 мың доллар) ұсталды. Сот оның мүлкін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Қазір ол жазасын өтеп жатыр. 

Фото -

Дулат Көтербеков, ҚР транспорт және коммуникация бұрынғы вице-министрі

2011 жылы Көтербеков "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жолының құрылысы аясында жүргізілген мемлекеттік сатып алу кезінде құзіретін асыра пайдаланған. 2012 жылдың маусымында үш жылға шартты түрде сотталды. Шығын көлемі – 126 миллион теңге. 

Фото -

Жақсылық Досқалиев, денсаулық сақтау экс-министрі

Денсаулық сақтау экс-министрі 2011 жылы төрт бап бойынша айыпталды. Олар: "Аса ірі көлемде пара алғаны үшін", "Мемлекеттік қаражатты жымқырғаны үшін", "Билікті асыра пайдаланғаны үшін" және "Қызметтік құзіретін асыра пайдаланғаны үшін". Досқалиев тергеу изоляторында сегіз айға жуық отырды. Сот оны кінәлі деп тауып, 5 тамызда жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ экс-министр Президентке аяушылық танытуға өтініш білдірді, мемлекет басшысы бұл өтінішін қанағаттандырып, мерзімін екі жылға дейін қысқартты.  

Одан 27 миллион теңге, 449 мың доллар (2011 жылдың курсы бойынша 65 миллион теңге), "Қараөткелде" орналасқан жер учаскесі және үш пәтер тәркіленді. 

Сот барысында Досқалиевтің жазасы үйқамаққа алынуға ауыстырылды. Кейін құзіретін асыра пайдаланғаны үшін тағылған айып алынды. 

Фото -

Саят Шаяхметов, ҚР білім және ғылым экс-вице-министрі 

2013 жылдың сәуірінде ол Өскемендегі мектеп құрылысына бөлінген ірі көлемдегі қаражатты (1,5 миллиард теңге) жымқырған. Ол үй қамаққа алынды. Тергеу бірнеше жылға созылды, 2017 жылдың мамырында Шаяхметов мүлкі тәркіленуімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Фото -

Мүслім Өміраев, ҚР ауылшаруашылық экс-вице-министрі

Өміраев 2014 жылы 6,9 миллион теңге және 100 мың доллар (2014 жылдың курсы бойынша 18,4 миллион теңге) пара алғаны үшін ұсталды. Ол мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, 2017 жылы амнистия бойынша босатылды. 

Фото -

Бағдат Майкеев, ҚР қорғаныс экс-вице-министрі

252 миллион теңге және 147 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін және заңсыз қару сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. 2014 жылы мүлкінің тәркіленуімен алты жылға бас бостандығынан айырылды. 2015 жылдың ақпанында денсаулығына байланысты жазадан босатылды.  

Фото -

Серік Ахметов, бұрынғы премьер-министр, транспорт және коммуникация экс-министрі, ҚР қорғаныс экс-министрі

Серік Ахметов мал-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оған ірі көлемде пара алды, ірі көлемде бюджеттен қаржы жымқырды, қызметін асыра пайдаланды, кәсіпкер қызметіне заңсыз қатысты деген айып тағып, нәтижесінде экс-премьерді кінәлі деп таныды. Серік Ахметов компенсация ретінде мемлекетке 2, 2 миллиард теңге төледі. Осыған орай сот мерзімін 10 жылдан 8 жылға азайтты. Ал осы жылдың қаңтарында Серік Ахметовтың мерзімі амнистия бойынша тағы 1 жыл 7 ай, 11 күнге қысқартылғаны белгілі болды. 

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Серік Ахметов бостандыққа шықты

Фото -

Қуандық Бишімбаев, ҚР ұлттық экономика экс-министрі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро нұсқасы бойынша "Бәйтерек" холдингі АҚ басқарма басшысы Қуандық Бишімбаев қаражат жымқыру үшін қылмыстық сызба құрып, құрылыс компанияларынан пара алып отырған. Соңғы ақпарат бойынша, ол сегіз рет пара алып, бір рет бюджеттен 1,2 миллиард теңге ақша жымқырған, жеті рет "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында  346 миллион теңге пара алған. 

Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі лауазымынан 2016 жылдың соңында босатылып, пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Тергеу жұмыстары 10 айға созылып, іс сотқа 14 қазанда жетті. 2018 жылдың наурызында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Фото -

Барлық шығынды қосқанда 6,2 миллиард теңге шықты. Біз бұл ақшаға не алуға болатынын есептеп көрдік. Есептесек, 1 200 орынға арналған алты мектеп, 190 километр болатын жол (километріне бір миллион доллар) салуға болады екен. Сондай-ақ бұл ақша бір-бірінің үстінен қойғанда биіктігі стратосфераға дейін жететін "Доширак" сатып алуға жетеді.  

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить