"Қашан бітеді?" – Сағынтаев құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынады

Фотография - "Қашан бітеді?" – Сағынтаев құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқанын сынады

Сурет: today.kz

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика министрі Жеңіс Қасымбекке ескерту жасады.

479 0

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика министрі Жеңіс Қасымбекке халықаралық банктен алған қарызды жай игеріп жатқаны үшін ескерту жасады. Үкімет басшысының сөзінше, оның көлемі 42 миллиард теңгені құрауы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz.  

Мемлекеттік органдармен келіссөз ұзақ уақыт жүретіндіктен, көптеген жобаны жүзеге асыру уақыты тоқтап тұр. Жеңіс Қасымбек осылай деді. Негізгі жоба – халықаралық ұйымдардың қаржыландыруымен былтырдан бастап жүріп жатқан құрылыс. Министр жұмыс кесте бойынша жүріп жатқанын, жоспар орындалатынын айтты. 

"Бюджетті игеріп жатқанын көріп отырмыз. Уақыт өтеді, мерзім келеді, қазаннан бастап күн суытады. Жол құрылысы басқа да нысандар бойынша құрылыс жұмыстары да қиын. Жол бойынша тапсырма берілді, Жеңіс Махмудұлы, игере алмау тәуекелі бар. Визит-орталық бойынша мәдениет және спорт министрлігі олар тұрғызғанша мерзім өтіп кетеді, онда неге қаржы сұраттыңыздар? Ауыл шаруашылығы бойынша да солай. Мақсатты трансферт бойынша көптеген жобада сот отырысы болып жатыр, байқау процедуралары дұрыс жүріп жатқан жоқ деген сөз. Осының бәрі қашан бітеді?" – деп сұрады Сағынтаев үкімет отырысында. 

Жеңіс Қасымбек көп жобаның мемлекеттік органдардың келісімін алу сатысында тұрғанын айтты. 

Бұл халықаралық банктердің жаңа траншты бөлуіне кедергі болуда. 

"Біздің жобаларымыз жаңа емес, жартысы – былтырдан бері жүріп жатқан жобалар. Біз халықаралық банктермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, ол жақта өзіндік спецификалар бар, бұл жылдың соңына дейін жүреді. Сертификат бойынша ай сайын төлеп жатырмыз. Жұмыс кесте бойынша жүруде", – деді Қасымбек.

Сағынтаев бөлінген ақшаны игеру жылдамдығына көңілі толмаған күйде қалды. 

"Жеңіс Махмудұлы, мына жерде Бүкіләлемдік банкпен бірге қарыз туралы келісім мемлекеттік органдардың келісімін күтіп тұрғаны, Ислам банкімен келісім де сол сатыда екені жазылған, барлық әріптес осы залда отыр, қашанғы келісімді күтуге болады? Мына жерде 42 миллиард теңгені игермеу тәуекелі бар екені жазылған, ең үлкен тәуекел жол бойынша, Ислам банкінен, Бүкіләлемдік банктен алған қарыз бойынша. Әлі мемлекеттік органдармен келісім жүріп жатыр, бұл қашан аяқталады? Келісім біткенше қыс та келеді", – деді Сағынтаев. 


Тегтер:

құрылыс жол

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?