2299

Қазақстандағы ең қажетті мамандықтар мен олардың жалақысы

Кезінде сәнді әрі сұраныс жоғары болған заңгер, адвокат мамандықтарына қазір жұмыс жоқ.
Фотография - Қазақстандағы ең қажетті мамандықтар мен олардың жалақысы Көрнекі сурет

Қазір қай мамандық қажеттірек екенін анықтау үшін қандайда бір анализ жасап, зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Жұмыс берушілердің сайтқа қалдырған хабарламаларынан-ақ керекті мамандықтарды анықтауға болады. Today.kz дәл бүгінгі күні бірінші кезектегі керекті мамандықтардың тізімін ұсынады. Айтпақшы олардың жалақы да жаман емес.

Бірнеше жыл бұрын сәнді әрі сұранысқа ие болған заңгер, адвокат мамандықтарына жұмыс жоқ. Болса да жалақысы бұрынғыдай жоғары емес.

Қазір сұранысқа ие мамандықтардың барлығы жаңа технологиялар мен сауда-саттыққа тікелей байланысты.

- Сату бойынша менеджер.

Бұл мамандыққа адамнан алғырлық, шапшаңдық, сатып алушыларды сендіре білу қабілеті қатты қажет. Жалақысы 100 мың теңгеден басталып, 350 мың теңгеге дейін жетеді.

- Смартфондарды жөндеуге арналған құралдарды сатушы-кеңесші.

Жаңа смартфондардың түрі мен мүмкіндігі көбейген сайын осы салаға еңбек ететін қызметкерлер аса қажет. Олардың жалақысы 80 мың теңгеден басталып, 300 мың теңгеге дейін жетеді.

- PHP тілінде программа құрастырушылар.

"Қазіргі заман – IT технологиялардың заманы" деген тіркесті осы уақытқа дейін көп естіген боларсыз. Егер сіз қандай да бір программа жазуды білсеңіз, қазіргі уақытта жұмыссыз қалмайсыз. Бұл мамандықтың ең төменгі жалақысы 200 мың теңгеден басталып, 450 мың теңгеге дейін жетеді.

- Француз тілінің аудармашылары мен оқытушылары.

Оқытушыларға деген сұраныс ешқашан азаймайтыны хақ. Егер сіз шет ел тілдерін жетік меңгерген болсаңыз, жұмыс сізді өзі іздеп келеді. Тіпті, Назарбаев зияткерлік мектептері де француз, испан және өзге де шет ел тілдерін оқытатын мұғалім іздеуде. Жалақысы 100 мың мен 300 мың теңге аралығында.

- Кассир.

Ұқыптылық пен жауапкершілікті талап ететін бұл қызметте істейтін жандар қазір 120 мың төңірегінде айлық алады.

Мамандық таңдарда оның беделіне соншалықты мән берудің қажеті жоқ. Бастысы сіз таңдаған мамандық қоғамда сұраныста болса жеткілікті.

Загрузка...