Зағипа Балиева балалар омбудсмені ретінде екі жыл ішінде не тындырды

Фотография - Зағипа Балиева балалар омбудсмені ретінде екі жыл ішінде не тындырды

Сурет: today.kz

Today.kz редакциясы балалар омбудсменінің екі жылдық қызметін қалай атқарғанына үңіліп көрді.

435 0

Зағипа Балиева Қазақстандағы бала құқығын қорғау уәкілі қызметінен кетті. Today.kz редакциясы балалар омбудсменінің екі жылдық қызметін қалай атқарғанына үңіліп көрді. 

2016 жылдың ақпанында Қазақстанда балалар құқығын қорғайтын құзіреті бар институт алғаш рет құрылды. Бір айдан кейін бұл лауазымға мәжіліс депутаты Зағипа Балиева отырды. 

ОҚО-дағы дау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылында тұратын баланың оқиғасы Балиеваның араласуымен де есте қалды. Омбудсмен оқиға белгілі болған соң тергеудің басы-қасында жүрді. 

ОҚО-дағы жеті жастағы бала әжесінің айтуынша, жоғары сынып оқушыларынан сексуалды зорлық көрген. Бұл оқиға Қазақстанда қоғамдық резонанс тудырды. 

ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова баланың зорланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, бірақ кейін жаңа сараптама тағайындалғаны белгілі болды. Зағипа Балиева балаға қатысты сексуалды сипаттағы әрекет үстінен шағым 2016 жылы да түскенін мәлімдеді. 

Әлеуметтік желіде полиция тарапынан болған қысым жайлы жазылды, ал ОҚО ішкі істер департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Белсенді азаматша Жанна Нұрсейітова Facebook желісіндегі парақшасына 14 наурыз кешке әжесі мен немересін пойыздан түсіріп алып ІІД-ге жеткізгенін жазды. Сол күні балалар омбудсмені Зағипа Балиева Шымкентке келді. Ол журналистерге баланың мемлекет қорғауында екенін мәлімдеді. 

Жанжалдан кейін бірнеше күн өткен соң Балиева баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Ол баланың анасын іздеп, Интернетте сынға ұшыраған: "Мен оған қарағанда балаға ана болып отырмын" деген сөзді айтты. 

Балиеваның сөзінше, сәл кейін анасы Астанаға келіп, баласын алып кеткен. Ол тәуелсіз сараптама жасатпақ болған. Осылайша мемлекет қорғауынан бас тартқан. 

Танымал қоғам қайраткері Аружан Сайын балаға ҚР Президенті жиені Нұрәли Әлиевтің отбасы көмектесіп жатқанын айтты. 

1 маусымда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО Абай ауылындағы баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

"Мен Қауіпсіздік кеңесінде айттым... Оңтүстік Қазақстан облысындағы баланың басынан сондай жағдай өтті. Жоғары сынып оқушылары баланы зорлаған, осының айналасында шытырман басталды, дәлелдей алмады. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені барлық жерде туысқандары отырған. Полиция да, жоғары органдар да, одан әрі отырғандар да – туысқандары. Бәрі осы істі жою үшін", – деді Президент. 

Парламентте сөз сөйлеген бетперде киген бойжеткен 

31 мамыр күні балалар омбудсмені мәжілісте сөз сөйлеп, балалар суицидіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, 2017 жылы 136 бала өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Балиеваның соңынан депутаттар алдына бетперде киген бойжеткен шықты. Ол өзінің аты-жөнін құпия түрде сақтай отырып, басынан кешкен жайтты баяндады

Фото -

"Бес жыл бұрын ата-анам өмірден озды (осы кезде қыз үнсіз қалды, еске түсіру ол үшін ауыр екені түсінікті еді, – ред.). Мен әпкемнің қолына өттім. Бірінші күні басқа төсекте ұйықтағанда, ата-анамның жоқ екенін түсіндім. Бұған дейін жөнді түсінбеген едім, оларды қалайша жоғалтып алғаным миыма жетпеген еді. Бұдан әрі өмір сүре алмайтынымды ұқтым, ата-анасыз өмір сүрудің не екенін түсіне алмадым. Бірақ туысқандарым көп қолдау көрсетті. Мен мектепке бардым. Мектепте жасөспірімдер мәселесі басталды, оқуды тастап кеттім десем де болады. Оған сыныптастарым, өсек-аяң қосылды. Бұл менің жағдайымды қиындатты. Қатты жалғызсырадым. Мен өз-өзімнен жабылып, кімге айтарымды, кімнен көмек сұрарымды білмедім. Бар ойым – суицид болды", – деді ол. 

Қыз қалай өлуге болатынын интернеттен оңай тапқан. Интернет желісінде суицид жасау туралы топтар, чаттар, тіпті әндер көп. 

Осы сәтте ол сенім қоңырауына телефон шалуды ұйғарады. 

Жаңа министрлік

2017 жылдың сәуірінде Балиева жаңа министрлік құруды ұсынды. Омбудсменнің ойынша, бір ведомство отбасы, жастар, балалар құқығы туралы барлық мәселені шешу үшін құрылуы тиіс. 

"Бізде бірыңғай орган жоқ. Ол тіпті республикалық деңгейде жоқ. Отбасы, әйел, бала және жастар мәселесі бір-бірімен байланысты. Сондықтан премьер-министрге осындай орган құру үшін жүгіндім. Ол отбасы, әйел, жастар мен балалар мәселелерін шешуде бірігуі тиіс. Қазіргі таңда жастар мәселесі бір министрлікте, бала құқығын қорғау басқасында, отбасы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен басқа ешқандай мемлекеттік органда қаралмайды. Мені естиді деп ойлаймын", – деді Зағипа Балиева. 

Сапалы екпе

2017 жылдың қаңтарында балалар омбудсмені балаларға арналған екпені сатып алу ережесін өзгертуді сұрады. Оның сөзінше, Қазақстанда екпеден бас тартатындар препараттың сапасына байланысты өсіп жатыр. 

Ол Қазақстан ең үздік өндіруші зауыттардан екпе сатып алуы керектігін айтты, екпелердің сертификаты болуы тиіс және ол балаға қосымша әсер бермеуі керек. 

Педофильдерге арналған өлім жазасы

2016 жылдың маусымында Балиева ҚР-да педофильді қатаңырақ жазалау керектігін айтты. 

Ол балаларды зорлайтын, өлтіретін адамдарды өлім жазасына кесу керек деп мәлімдеді. 

Республикада өлім жазасына мараторий жарияланған соң, ол өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыруға айырбастауға болатынын жеткізді. 




Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?