Аналар Кодексі керек шығар – Айтпаева омбудсмен ретінде алғашқы ұсынысын айтты

Фотография - Аналар Кодексі керек шығар – Айтпаева омбудсмен ретінде алғашқы ұсынысын айтты

Сурет: ©Арман Мұқатов

Қазақстанда балалар құқығын қорайтын жаңа уәкіл Сәуле Айтпаева елде балалар құқығын қорғау өзгеруі тиіс екенін айтты.

681 0

Қазақстанда балалар құқығын қорайтын жаңа уәкіл Сәуле Айтпаева елде балалар құқығын қорғау өзгеруі тиіс екенін айтты. Бұл ақпаратты ол сенат отырысында жария қылды, деп хабарлайды Today.kz

Айтпаева жаңа лауазымындағы жоспарын мәлім етті. 

"Бүгін жүзеге асты, бастысы – бастау. Алдымен бәрін жүйелі түрде түсініп алу керек. Бәрін қарап, зерттеу қажет, осы жерден жоспар мен перспективалар шығады. Мақсат айқын, біріншісі – бала құқығын қорғау. Ал бала дегеніміз – ұрықтанудан 18 жасқа дейінгі адам. Бір сәтте миллиондардың анасына айналдым – бұл өте үлкен жауапкершілік, Елбасының үлкен сенімі", – деді ол.  

Нақты әрекет туралы сұраққа Айтпаева дерек бойынша сөйлегенді ұнататынын айтып, жауап берді. 

"Ең алдымен бала қоғамда бар жағдайды сезінуі керек, бастан өткеруі тиіс, сол кезде ол өзін қорғай алады, ата-анасымен ашық түрде сөйлесуі тиіс, жұмыстанамыз. Мүмкін Аналар Кодексі қажет болар, ол жақта бәрі жазылады, өйткені жас аналарға кеңес қажет", – деді ол. 

Жұмыс істеуі керек бағыттарды бөліп айтты омбудсмен. 

"Негізгісі – ана жүрегі мен әке жүрегі нақты жұмыс істеуі керек. Ата-ана баласын не толғандыратынын сезінуі тиіс. Екіншісі – мұғалімдер. Өз уақытында мұғалімдер анамыздай болғаны есімде. Олар не болып жатқанын, не толғандыратынын, не қызықтыратынын білді. Қазір өткізілетін сынып сағаттары бұндай сағаттармен өзара байланысты болуы керек шығар. Ұстазға, анаға, әкеге сенім болса, бала да сенімді болады. Осының төңірегінде жұмыс істейміз, әр баланың сенімі болуы үшін жұмыстанамыз", – деді омбудсмен. 

Айтпаеваның сөзінше, өзінің екі баласы мен немерелері бар. Бұрынғы балалар омбудсмені Зағипа Балиевамен әріптестік байланыс орнататынын да айтты. 

Естеріңізге салайық, 12 маусымда Мемлекет басшысы Сәуле Айтпаеваны ҚР бала құқығын қорғайтын уәкіл етіп тағайындады. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?