2037

Қазақстанда шенеуніктер қысқаруы мүмкін

ҚР Парламент Мәжілісінде алғашқылардың бірі болып мемлекеттік органдардың қызметін бәсекелес ортаға беру туралы заңнама мақұлданды.
Фотография - Қазақстанда шенеуніктер қысқаруы мүмкін Көрнекі сурет

ҚР Парламент Мәжілісінде алғашқылардың бірі болып мемлекеттік органдардың қызметінің жартысын бәсекелес ортаға беру туралы заңнама мақұлданды. Мемлекеттік органдардан кейбір құзіретті алып тастау шенеуніктердің қысқаруын білдіреді. Бірақ депутаттар бұндай қадам сапа мен бағаға қалай әсер етеді деп алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Today.kz

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың сөзінше, шенеуніктерді жаппай қысқартпас бұрын олардың қызметтерін анықтап алу керек. 

Мемлекеттік қызметті бәсекелес ортаға берген кезде сәйкес органның штаты қысқартылуы тиіс. Тәжірибеде олай болуы сирек, яғни мемлекеттік қызметкердің тек бір қызмет атқаруы сирек кездеседі. Олар әдетте бірнеше қызметті қатар атқарады.  

Әр жағдайда әр қызметті бәсекелес ортаға берген кезде біздің министрлік функционалды сараптама жасайды 

Және осының негізінде үкімет жанындағы комиссияға өз ұсынысымызды жібереміз. Соңғы шешімді үкімет комиссиясы шығарады", – деді Сүлейменов. 

Екінші маңызды нәрсе – қызметтің сапасы. Халық қалаулылары мемлекеттік қызметті бәсекелес ортаға берген кезде сапа төмендей ме деп алаңдап отыр. Министрдің ақпаратынша, әр қызмет саласы бөлек-бөлек талдануы тиіс. 

"Құрылысты қадағалау саласы нотариат саласынан қатты өзгеше. Әр нақты жағдайда толыққанды функционалды талдау жасалады, ол комиссия қарауына жіберіледі. Осының нәтижесінде президент әкімшілігіне сәйкес мемлекеттік орган штатын қысқарту-қысқартпау ұсынысы дайындалады. Негізінен толық келісеміз – қызметті қысқарту штатты қысқартып, кешенді үкімет құруға бағытталуы тиіс", – деді министр. 

Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов егер мемлекеттік қызмет кәсіпкерлердің қолына берілетін болса, қызмет құны шарықтай ма деп қорқады. 

Заңнамада автокөлікті техникалық тексерістен өткізу, аңшы куәлігін беру, аңшылыққа баулу сияқты қызметтер жеке қолға өтетіні жазылған. 

"Менің ойымша, қызметті бәсекелес ортаға беру қызмет құнының өсуіне әкеледі. Бизнестің ұсынылған қызмет құнын арттыруда жұмыстанатыны ешкімге құпия емес. Осыған байланысты сұрағым бар: бәсекелес ортаға берілген қызмет құны қалай анықталады?" – деп сұрады Бектұрғанов. 

Сүлейменов баға бәсекелес ортаның ережесі арқылы бекітілуі тиіс екенін айтты. Егер олар жұмыс істемесе, аталған қызмет мемлекеттік органға қайтып беріледі. 

"Техникалық тексерісті мысалға келтіріп өттіңіз, ол жақта бәсекелестік үлкен, әсіресе Алматы мен Астанада. Егер біреу бағаны өсіріп жіберсе, 200 метрден кейін бұл қызметті арзанға ала аламыз (...) Бизнеске қызметті беріп, бизнес ол қызметті пайдаланып бағаны өсірсе немесе сапаны төмендетсе, біз бұндайға жол бере алмаймыз. Заңнама қызметті бәсекелес ортаға беру мәселесін қарастырады. Нарық дайын ба, жоқ па, сол жағына сараптама жүргізілген кезде алдымен бәсекелес орта қаншалықты мемлекеттік қызметті қабылдауға дайын, сол жағы қарастырылады. 

Талдауды мемлекеттік орган ғана емес, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да жүргізеді

Егер біз нарықтың дайын емес екенін көрсек, жеке бизнес-субъектілер қызметін асыра пайдаланатынына көзімізді жеткізсек, бұл қызмет мемлекеттік органда қалады және ешкімге берілмейді", – деді министр. 

Базалық бағаны анықтау үшін медотика бар. Сүлейменовтың сөзінше, оның жүйесі кешірек бекітіледі. 

Загрузка...