ҚР-да шенеуніктерді қысқарту деген не

Фотография - ҚР-да шенеуніктерді қысқарту деген не

Көрнекі сурет

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мемлекеттік органдардың жарты қызметі бәсекелес ортаға берілетін заң жобасын мақұлдады

517 0

13 маусымда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мемлекеттік органдардың жарты қызметі бәсекелес ортаға берілетін заң жобасын мақұлдады. Today.kz редакциясы заң жобасын талдап көрді. 

Заң жобасы әзірге шала, депутаттар заң жобасын талдау жұмыстары әлі жүріп жатқанын айтты. Жауаптан гөрі сұрақ көп. Жеке ұйымға берілетін қызметтер тізімі белгісіз, сапа мен бағаның қалай бақыланатыны белгісіз қалып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы Ұлт жоспарының 97 қадамы аясында мемлекеттік органдардың жарты қызметінің қалай берілетінін сипаттады. Ұстанымның өзі қарапайым – мемлекетке тиесілі емес қызметті өз-өзін басқаратын бәсекелес ортаға беру керек. Енді заң шығарушылар мемлекетке тиесілі емес қызметтерді анықтауы тиіс. 

Жұмыстан қуылатын шенеуніктер не істейтінін де ойластыру қажет. 

Әзірге денсаулық сақтау министрлігінің жарты қызметін беру қарастырылуда. 

Бұндай тәжірибе Қазақстан үшін жаңа емес. Мысалы, 2000 жылы бәсекелес ортаға мемлекеттік қызметтің бірнеше түрі табысталды. Оның ішінде: тауар мен қызметтерді сертификациялау (2000 жылға дейін ҚР ИДМ құзіретіне енген); автокөліктерді техникалық тексерісті ұйымдастыру (2009 жылға дейін ІІМ құзіретіне енген). 2014 жылы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасына "Алтын Сапа" байқауын ұйымдастыру қызметі және "Қазақстанның үздік тауарын" ұйымдастыру (бұрын ҚР ИДМ құзіретіне енген) табысталды. 

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 13 маусым күні депутаттар алдында сөз сөйлегенде АҚШ-ты мысалға келтірді. АҚШ-та атқарушы билік жыл сайын сараптама жүргізіп, мемлекеттік емес қызметтерді анықтайды. Бірақ Қазақстанда бұндай сценарийді жүзеге асыру қиын.  

"2016 жылы жүргізілген сараптама басты мәселені анықтады, ол – критерийдің болмауы мен мемлекеттік органдар қызметінің бәсекелес ортаға берілуінің жүйесіз сипаты", – деді Сүлейменов. 

Депутат Азат Перуашев "Ақ жол" фракциясы заң жобасын концептуальды түрде қолдайтынын, бірақ Қазақстанға шенеуніктер санын қысқарту керектігін айтты. 

Фото -

"Естеріңізге салайын, біздің фракция қаңтарда ЭӘДҰ зерттеуін жүргізді, осыған сәйкес Қазақстанда шенеуніктер үлесі жұмыс істейтіндер санының 21 пайызын құрайды. Салыстыру үшін айтар болсақ, бұл көрсеткіш Германияда 14 пайызды, Австрияда 10 пайызды, Жапонияда 8 пайыздан аз көрсеткішті құрайды. Қазақстанда 17 миллион азамат бар, біз бюджет есебінен 100 мың шенеунік пен менеждерді асырап отырмыз. Жапонияда 128 миллион адамға 9 мың шенеуніктен келеді. Ол жақта бір шенеунік 14 220 адамға қызмет көрсетеді, бізде 180 адам. Яғни біздің елімізде шенеуніктер 80 есе аз. Енді Жапония қандай жетістікке жетті, біз қандай жетістікке жеттік, салыстырыңыз. Міне, нағыз кәсіпкерлерді қолдау резерві, салықты және бизнеске әкімшілік көрсететін қысымды төмендету қайда жатыр", – деді Перуашев. 

Бұдан бөлек, бұндай жаңашылдықтың экономикалық түрде тиімділігін анықтау керек. 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?