593

Синоптиктер Қостанай және Ақмола облыстарында дауылдық ескерту жариялады

Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
Фотография - Синоптиктер Қостанай және Ақмола облыстарында дауылдық ескерту жариялады Сурет: ©Алмаз Төлеке

Синоптиктер Қостанай және Ақмола облыстарында дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

"14 маусым 21:00-ден 15 маусым 21:00-ге дейін Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнауы мүмкін, оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа секундына 15-20 метр жылдамдықпен өтеді. Күндіз кей жерде шквал болуы мүмкін, бұршақ жаууы да ғажап емес. 

Астанада 15 маусымда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа секундына 15-18 метр жылдамдықпен өтеді. Дауыл болу мүмкіндігі – 80-85 пайыз", – деді синоптиктер. 

Қостанай облысында дауыл болу мүмкіндігі – 90-95 пайыз. 

"14 маусым 21:00-ден 15 маусым 21:00-ге дейін Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа 15-20 метр секундпен жылжиды", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Загрузка...