1085

22 маусымда синоптиктер Қазақстанның бес облысында ескерту жариялады

Маңғыстау облысында 39 градусқа дейін жететін қатты ыстық күтіледі.
Фотография - 22 маусымда синоптиктер Қазақстанның бес облысында ескерту жариялады Сурет ашық дереккөзден алынды

Синоптиктер Қазақстанда 22 маусымда қандай ауа райы күтілетінін айтты. Елдің кей жерлерінде жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

22 маусымда республиканың бес облысында дауылдық ескерту жарияланды. 

Маңғыстау облысында 39 градусқа дейін жететін қатты ыстық күтіледі. 

Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыс желі секундына 25 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнайды. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік, солтүстік-батыс желі секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Ақмола облысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, батыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.