1928

Назарбаев тек ағылшынша жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығын ашты

Мемлекет басшысы орталық ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтінін атап өтті.
Фотография - Назарбаев тек ағылшынша жұмыс істейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығын ашты Сурет: ©Әлибек Махметов

"Астана" халықаралық қаржы орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды Today.kz

Мемлекет басшысы орталық ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтінін атап өтті. 

"Қаржы орталығының қазақстандық моделі әлемдік қаржы құрылымдары қызметтерінің ең үздік тәжірибелерін басшылыққа алған. Бұл орталық Қазақстан Республикасының резиденттерімен де, резидент емес субъектілермен де жұмыс істейтін болады. "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысушылар Қазақстан мен оның өңірлерінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің капиталына қол жеткізе алады."Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметіне қатысушыларға 50 жылға дейін салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ жеңілдетілген валюта, виза және еңбек режімдері қарастырылған. Бұл – жұмысы ағылшын құқығына негізделген өңірдегі жалғыз орталық. Тәуелсіз Сот пен Халықаралық арбитраж орталығы әділетті болуға және тараптардың құқықтарын сақтауға кепілдік береді", – деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысы жаңадан құрылған Экспат орталығы жұмысының ерекшеліктеріне тоқталды.

"Экспат орталығы визалық көші-қон, салық, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету және әкімшілік полиция қызметтерінің бір орталықтан қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Мұнда әлемнің жетекші қаржы институттарының өкілдіктері ашылуда. Осы мүмкіндіктер мен ресурстардың бәрі "Астана" халықаралық қаржы орталығының тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасайды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото -

Фото -

Төлем жүйелерін жасайтын халықаралық Master Card компаниясы Қазақстанға "ақылды" қала енгізу технологиясымен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Astana Finance Days аясында Master Card, Астана әкімдігі мен АХҚО серіктестік жайлы үшжақты келісімге қол қойды. Master Card "АХҚО резидентінің картасын" жасайтын болды. 

Фото -

Орталықтың ашылу рәсімінен соң шетел азаматтары көптеп келеді деп күтілуде.