883

Астана 20 жаста

6 шілде Қазақстанда мемлекеттік мереке. Елордамыз 20 жасқа толып жатыр.
Фотография - Астана 20 жаста Сурет ашық дереккөзден алынды

6 шілде Қазақстанда мемлекеттік мереке. Елордамыз 20 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды Today.kz.

Жас, сұлу Астанамыз – Еуразияның жүрегі, Азиядағы ең солтүстікте орналасқан астана. Астананы салу туралы шешімді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған. 

Алматыны Ақмолаға көшіру шешімін ҚР Жоғарғы кеңесі 1994 жылдың 6 шілдесінде мақұлдаған. Мереке мемлекет басшысының туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Биыл Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толды. 

Президенттің жарлығымен 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола "Астана" деген атты иемденді. Жаңа елорда әлемге ресми түрде 10 маусым күні таныстырылды. 

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен "әлем қаласы" деген марапатқа ие болды. 

2000 жылдан бастап Астана халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясынң мүшесі болып саналады. 

Астананың 15 жылдығының қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев былай деген еді: 

"Астана келбеті – ұлт келбеті. Мен "Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі" деп бекер айтқан жоқпын. Ғасырлар тоғысында астанасын ауыстырған халқымыз небәрі 15 жылда осынау мыңжылдық қаланың берік іргетасын қалады. Астананың 15 жылдығы біз үшін ерекше тарихи мәнге толы. Мен 1994 жылғы 6 шілдеде парламент депутаттары алдында астананы ауыстыру мәселесін алғаш көтергенімде еліміздің Тәуелсіздігінен екі жарым жыл жаңа ғана асқан еді. Он бес жыл  ғана бұрын бүкіл еліміз үшін ұлттық тарихтың жаңа кезеңі басталды. Оны шын мәнісінде Астананың ұлы дәуірі деп атауға болады. Бұл туралы сарапшылар да, қарапайым адамдар да айтып жатыр. Мұны 15 жыл бұрын астананы ауыстырудың тағдыршештілігіне күмәнмен қарағандар да мойындауда. Айрықша атап айтқым келетіні, сол кезде бізді қорқытуға тырысқан жағымсыз болжамдардың ешбірі де орындалған жоқ. Табиғаттың, саясаттың, экономиканың – барлығының өкпек желіне қарамастан, небәрі 15 жылда Астанамыз аяғына нық тұрып қана қойған жоқ. Ол шет-шегі жоқ байтақ даладағы алып шамшырақ тәрізді барша қазақстандықтарға өсіп-өркендеудің тура жолын көрсетіп келеді. Астана елімізге қуатты пассионарлық серпін берді. Ол  Қазақстанның көпұлтты халқына өзінің ортақ тарихи тағдырының бірегейлігін сезінуіне, өз күшіне сенуіне септігін тигізді". 

Астананың жиырма жылдығы құтты болсын! Елордамыз дами берсін!

Загрузка...