Нұрсұлтан Назарбаев адвокаттық қызметке бағытталған екі заңға қол қойды

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев адвокаттық қызметке бағытталған екі заңға қол қойды

Сурет: ©Арман Мұқатов

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

916 0

Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдірді, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада. 

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Назарбаев сондай-ақ адвокаттық қызмет пен заң көмегі туралы заңға да қол қойды. 

"Мемлекет басшысы заңнаманы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?