Қазақстанда 11 шілдеде қандай ауа райы күтіледі

Фотография - Қазақстанда 11 шілдеде қандай ауа райы күтіледі

Көрнекі сурет

Бұл туралы синоптиктер айтты.

887 0

Қазақстанда 11 шілдеде жел күшейіп, тұман түседі. Атмосфераның фронтальды бөлігінің өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Тек елдің батыс, оңтүстік, шығыс бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Алматы облыстарында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін. 

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?