Қазақстандықтар ұшақпен жиі ұшатын болған

Фотография - Қазақстандықтар ұшақпен жиі ұшатын болған

Көрнекі сурет

2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 миллионды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық.

458 0

Қазақстандықтар ұшақпен жиі ұшатын болған, деп хабарлайды Today.kz ҚР инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 миллионды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық (2,5 миллион адам). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 миллион адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш те өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр.

Бұл ретте, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 миллионды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады.




Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?