997

Cиноптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде қандай ауа райы болатынын болжады

14 шілдеге дейін республиканың көп бөлігіне жауын-шашын түседі.
Фотография - Cиноптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде қандай ауа райы болатынын болжады Сурет: naturewallpaperfree.com

Cиноптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде қандай ауа райы болатынын болжады. 14 шілдеге дейін республиканың көп бөлігіне жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

"Қазақстанның солтүстік жартысында басымырақ найзағайлы өткінші жаңбыр тудыратын, атмосфералық фронттар Батыс Сібір арқылы жылжыйтын циклонмен байланысты", – деді синоптиктер.

Республиканың оңтүстік жартысының кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ мұнда кей жерлерде бұрынғысынша максималды ауа температурасы 40-43 градусқа жететін болады.

Загрузка...