Нұрсұлтан Назарбаев "Promenade Burabay" нысанының құрылыс жоспарымен танысты

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев "Promenade Burabay" нысанының құрылыс жоспарымен танысты

Сурет: akorda.kz

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

774 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Promenade Burabay" нысанының құрылыс жоспарымен танысты, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы жаңа туристік нысанның құрылыс жоспарымен танысты.

"Promenade Burabay" кешені жайлы қонақ бөлмелерді, пентхаустарды, коммерциялық орындар мен конгресс орталықты қамтиды.

Одан бөлек, Қазақстан Президентіне өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, "Абылай хан" алаңын, "Ақ бура" курорттық аймағын және басқа да нысандарды одан әрі дамытуға арналған жобалар таныстырылды.

"Визит-Центр" орталығы – тақырыптық музейлер, "5 D" кинотеатры, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өмір сүретін және өзге елдерден әкелінген жабайы хайуанаттар саябағы бар туристік кешен.



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?