2106

Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов не үшін бостандықта жүрген

"Полиция қолына іліккен бірінші адамды ұстап алғаны туралы болжам шындыққа сәйкес келмейді", – деді ҚР ІІМ басшысының орынбасары.
Фотография - Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергенов не үшін бостандықта жүрген Сурет: ria.ru

Қазақстан Республикасы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Астанада өткен баспасөз конференциясы барысында Денис Теннің өліміне байланысты басталған қылмыстық істің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Денис Теннің өліміне қатысты резонанс тудырған іске көп адам назар салып отырғанын білеміз, опетаривті-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық іс ҚР ішкі істер Министрлігінің тергеу департаментінің өндірісіне алынды. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр. Сәйкес сараптамалар тағайындалды, жүріп жатыр", – деді Жақыпов. 

Оның сөзінше, ІІМ қызметкерлері тергеу барысында әлеуметтік желіге жарияланған хаттармен танысқан. 

"Полиция қолына іліккен бірінші адамды ұстап алғаны туралы болжам шындыққа сәйкес келмейді. 

Аталған қылмысты расымен жасаған адамдар анықталды, біз олардың аталған іске қатысты екенін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарға иеміз

Кінәлілер туралы қорытынды – соттың құзіретінде, біз сотқа нақты кінәлі адамдар ұсталғаны туралы дәлелдерді жеткілікті түрде ұсынатын боламыз", – деді ішкі істер министрінің орынбасары. 

Министрлік екі күдіктінің басқа қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. 

"Қазіргі таңда аталған тұлғалардың басқа қылмыстарды жасаған-жасамағандары анықталып жатыр. Біз сондай-ақ әлеуметтік желіге таралған "кейбір жәбірленушілер басқа қылмыстар бойынша күдіктілерді таныды" деген мәлімдемемен таныспыз. Бұл жәбірленушілердің мәлімдемелері тергеу барысында тексеріледі және олардың кінәлары дәлелденсе, заңға сәйкес жазаланатын болады", – деді Рашид Жақыпов. 

Жақыпов күдіктілердің бірі бұған дейін қылмыс жасаған соң қалайша босап кеткеніне жауап берді. 

"Қазақстан Республикасының қазіргі заңына сәйкес, жәбірленушілермен татуласу әрекеті анықталады. Олар алдын ала тергеу кезінде татуласқан. Жәбірленуші тарап татуласу туралы арыз түсірген жағдайда сотқа дейінгі тергеу органдары кедергі бола алмайды. Олардың міндеті – татуласқан жағдайда қылмыстық істі тоқтату", – деді ол. 

11 шілдеде Астанада айна ұрлаған Арман Құдайбергеновтің босатылған себебі – ол ұрлық бойынша елордадағы сотқа 15 күннен кейін келуі керек болған. 

"Заң бойынша, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген процедура бойынша басталды. Жедел тергеу 15 күн ішінде жүргізіледі. Бұл процедура кезінде ол тергеуге келуге міндеттеледі, бұлтартпау шарасы тағайындалмайды. 

Қандай да бір адам тергеуге келуге міндеттелген кезінде оның жүріп-тұруына шектеу қойылмайды, шақырған кезде тергеу органдарына немесе сотқа келуге міндеттеледі

Осыған байланысты жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуі қабылданды. Нақты жағдайда бұл оған Астанадан кетіп, ісі сотқа жіберілгенше ауыр қылмыс жасауға баруына мүмкіндік берді", – деді Рашид Жақыпов. 

Денис Теннің өлімі 

Естеріңізге салайық, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды, Ол жан сақтау бөлімінде дүние салды. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасын зор күйзеліспен қабылдады

ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты басталған тергеуді өз бақылауына алды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді

Денсаулық сақтау вице-министрі Денис Тен жедел жәрдем жеткенше клиникалық өлімге түсіп кеткенін айтты

ІІМ Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні тұтқындады

Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.

Денис Тенді өлтірді делінген күдіктінің біреуі тексеріс барысында оқиға орнынан қылмыс жасаған қаруын тауып берді,

Загрузка...