5379

Ай тұтылғанда еркектің ашуына тимеңіздер – астролог әйелдерге кеңес берді

Ай бұл жолы ұзақ тұтылады. XXI ғасырда басқа күні ай бұлайша ұзақ әрі үлкен болып тұтылмайды.
Фотография - Ай тұтылғанда еркектің ашуына тимеңіздер – астролог әйелдерге кеңес берді Сурет: mydrost.mirtesen.ru

Ай бұл жолы ұзақ тұтылады. XXI ғасырда басқа күні ай бұлайша ұзақ әрі үлкен болып тұтылмайды. Қазақстанда Айдың тұтылуы 27 шілдеден 28-іне қараған түні болады. Ол 23:13-тен бастап тұтылады. Today.kz осы кезеңде жұлдызнамасы қандай адамдардың Айдың ықпалына түсетінін сұрап көрді. Бұл сұрағымызға жауапты астролог Ботагөр Темірташаева берді.

– Астрологиямен қай уақыттан бері айналысасыз?

– Астрология негізі менің екінші мамандығым, хобби десем де болады. Өзім Ақтаудағы шетелдік мұнай компаниясында жұмыс істеймін. 

Астрологиямен көптен бері айналысып жүрмін, тәжірибелер жасап, адамдарға көмектесемін. 

– 27 шілде күні болатын Айдың тұтылуына қатысты не айтасыз? Бұның біздің қандай да бір әрекетімізге әсері бар ма?

– Алда келе жатқан Айдың тұтылуы соңғы 15 жылдағы ең ықпалдысы болмақ. Бұл нәрсе 2009 жылы болды. Шынымды айтсам, бұндай тұтылу қирауға әкеледі, Ай тұтылған кезде бүкіл әлем бойынша маңызды толқулар болған. Еске түсіріп өтсек, өз кезеңінде АҚШ Иракқа тиісті, сосын соғыс басталды, басқа да ірі жанжалдар басталған. Осы жылы оған ұқсас оқиғалар болмас деп үміттенемін, қалай болғанда да адамдар сақ жүрулері тиіс. 

Өз көңіл-күйіңді бақылауға қатысты әйелдерге айтарым бар – еркектің ашуына тимеңіздер, өйткені Айдың тұтылуы Марспен бірге жүреді, ал Марс – агрессия ғаламшары. Бұл кезеңде еркектің ашуына тиіп, жанжал шығаруға болмайды 

Айтпақшы өз балаңызға да мұқият болғаныңыз жөн, өйткені Ай Арыстан-Суқұйғыш осінде тұрады, бұл балаларымызға қатысты. Аса қырағылық танытып, балаларға қарау керек. Әсіресе жаз мезгілінде. Қазір біз Ай тұтылуының дәлізінде тұрмыз (13 шілдеден 11 тамызға дейін). 11 тамызда Күн тұтылады. Сондықтан осы кезең өте жауапты дер едім. 

– Айдың тұтылуы әсіресе қай жұлдызда туған адамдарға көбірек ықпал жасайды?

– Эмоционалды болғандықтан қиратуға көбірек бағытталған. Әйелдер мен балаларға қатысты. Айтпақшы жүрегі, омыртқасы ауыратын жандар бұл кезеңге назар аударулары тиіс. Өзгеріс Арыстан, Суқұйғыш, Торпақ пен Сарышаяндарға көбірек қатысты. Олар жоғарыда айтылған нәрселерге, яғни өз көңіл-күйін бақылап, ашуланбауға, ашулы адамдардан қашуға және сақ болуға тырысулары тиіс. 

– Айдың тұтылуы елдегі болып жатқан жағдайларға ықпал ете ала ма?

– Қазақстан Мерген шоқжұлдызының астында орналасқан, сондықтан елге әсер ете қоймайды. Күннің тұтылуымен бірге Меркурий де өтеді, ол 26 шілдеде бұрылады. Бұл жағдайды тереңдетеді, сондықтан бәріміз маңызды шешім қабылдардың алдында жақсылап ойлануымыз керек. Ал шығармашылық адамдары, яғни әртістер, актерлер, шоу-бизнес адамдары 11 тамызға дейін көптен ойларында жүрген шешімдерін қабылдай алады. 

Жалпы Ай тұтылға кезде барлық тұрғын сабыр сақтап, қауіпсіз жерге орналасуы тиіс. 

– Әңгімеңізге рақмет. 

Загрузка...