591

Нұрсұлтан Назарбаев Пашинянмен және Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Пашинянмен және Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті Сурет: ©Арман Мұқатов

Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның Премьер-Министрімен және Қырғызстанның Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның Президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Загрузка...