8 тамыз Қазақстанның он облысында күн қатты ысиды

Фотография - 8 тамыз Қазақстанның он облысында күн қатты ысиды

Көрнекі сурет

8 тамыз Қазақстанда ауа райы қандай болатынын синоптиктер айтты.

691 0

8 тамыз Қазақстанда ауа райы қандай болатынын синоптиктер айтты. Атмосфераның фронтальды бөлігінің өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстік өңірде шаңды дауыл көтеріледі, ал солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?