524

9 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - 9 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады Сурет: pixabay.com

9 тамызда Қазақстанда атмосфераның фронтальды бөлігінің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшейеді. Солтүстікте түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шквал күтіледі, күндіз бұршақ түсуі мүмкін, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. 

Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Павлодар мен Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман болады. 

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақтан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі бар. 


Загрузка...