1184

Жаңа оқу жылында 17 мектепке "Кәсіпкерлік негіздері" пәні енгізіледі

Тренингтен өтіп, базалық білім алып шыққан мұғалімдер арасында экономика пәнінің мұғалімдерімен қатар, тарихшылар, географтар, т.б. бар.
Фотография - Жаңа оқу жылында 17 мектепке "Кәсіпкерлік негіздері" пәні енгізіледі Көрнекі сурет

Қазақстан бойынша 16 мектепте 10-11 сынып оқушылары "Кәсіпкерлік негіздері" элективті курсымен танысты, деп хабарлайды Today.kz. Жаңа оқу жылының басынан бастап ел бойынша тағы 17 мектепте кәсіпкерлік негіздері үйретіледі. Болжам бойынша, пән қазақ және орыс тілдерінде аптасына екі рет оқытылатын болады. 

Тренингтен өтіп, базалық білім алып шыққан мұғалімдер арасында экономика пәнінің мұғалімдерімен қатар, тарихшылар, географтар, т.б. бар. 

"Қыркүйектен бастап оқулықтардың апробациясын жасаймыз. Қазір аталған курс пен пән бойынша бағдарламаны еліміздің барлық өңірінде апробациялаймыз. Пәннен тарихшылар, экономистер, технологтар, информатиктер сабақ беретін болады. Апробация кезінде қажет болған жағдайда курсқа өзгеріс енгізіледі. Осыдан кейін келесі жылы аталған пәнді барлық оқыту мекемесіне енгізе аламыз", – деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов. 

Аймағамбетовтың айтуынша, аталған пәнді үйрету аясында бағдарламаның 40 пайызы теорияға, 15 пайызы кейсті талдауға, 45 пайызы тәжірибеге сүйенген.