2973

Ақтөбе Астанаға 1,8 миллиард теңге тұратын "Бейбітшілік қабырғасын" салып берді

Нысанды Астананың 20 жылдығына Ақтөбе облысы сыйлаған, ол кәсіпкерлер мен компаниялардың демеуімен 1,8 миллиард теңгеге тұрғызылған.
Фотография - Ақтөбе Астанаға 1,8 миллиард теңге тұратын "Бейбітшілік қабырғасын" салып берді Сурет: today.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бейбітшілік қабырғасы" монументінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Today.kz

Нысанды Астананың 20 жылдығына Ақтөбе облысы сыйлаған, ол кәсіпкерлер мен компаниялардың демеуімен 1,8 миллиард теңгеге тұрғызылған. 

Нысан ядролық сынаққа қарсы халықаралық күнде ашылды. Айта кетейік, 27 жыл бұрын Мемлекет басшысы 29 тамызда Жарлық шығарып, Семей ядролық полигонын жауып тастаған еді. Бұл – ядролық қарудан бас тартқан Қазақстанның алғашқы қадамы болды. Жобаның өзегі ретінде Назарбаевтың "Бейбітшілік, 21 ғасыр" атты ядроға қарсы үндеуі жұмыс істеді. 

Ақтөбе облысының елорданың 20 жылдығына сыйлаған тартуы Тәуелсіздік алаңында "Қазақ елі" монументіне жақын жерде орналасқан. 

Авторлардың ойынша, қабырға халықтарды бір арнаға тоғыстырып, ел мен елді біріктіруші ретінде қойылған. 

Монумент металл мен табиғи тастан жасалған, үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі оқшаулықты, екінші бөлігі үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшінші бөлігі бейбітшілікті және халықаралық татулықты білдіреді. Монументті құю үшін 1200 тонна гранит қолданылған. Аумағы – 6000 шаршы метр. Қабырғада "Бейбітшілік" сөзі 51 тілде жазылған. 

Монументтің жалпы ұзындығы – 111 метр, ені – 18,4 метр, биіктігі – 17,5 метр. 

"Бейбітшілік қабырғасында" кез келген мультимедиялық өнімді көрсете алатын экран бар. 

Нысанның ашылуына танымал қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, Ақтөбе облысынан келген делегация мен жалпақ жұртшылық қатысты. 

Загрузка...