3498

Назарбаев Қарағанды облысында тойға қатысып, жас жұбайларға бақыт тіледі

Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.
Фотография - Назарбаев Қарағанды облысында тойға қатысып, жас жұбайларға бақыт тіледі Сурет: akorda.kz

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа "Ақ сарай" салтанат сарайына барды, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.

"Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын!" – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото -

Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Жас шаңырақ иелері Қазақстан Президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде "7-20-25" бағдарламасы үшін алғыс білдірді.

Жаңа салтанат сарайы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.

Фото -

Загрузка...