683

18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Фотография - 18 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанның батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың көп бөлігінде күн ашық, деп хабарлайды Today.kz "Қазнидрометке" сілтеме жасап. 

Жамбыл облысында жел секундына 23 метрге дейін күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысында тұман болады, жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Атырау облысында күндіз бұршақ жауады, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Қостанай облыстарында жел соғады. Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. 

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі бар. 

Загрузка...