2979

Төреғали шуынан соң Алматы әуежайы мен Air Astana қызметкерлері айыппұл арқалады

Жоспардан тыс инспекциялық тексеріс жүргізілді.
Фотография - Төреғали шуынан соң Алматы әуежайы мен Air Astana қызметкерлері айыппұл арқалады Сурет ашық дереккөзден алынды

Алматы әуежайы мен Air Astana қызметкерлеріне Төреғали Төреәлі шуынан кейін айыппұл салынды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

"Жоспардан тыс инспекциялық тексеріс жүргізілді. Алматы әуежайында әуе қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін, қадағаланатын аймаққа және әуе кемесінің бортына заңсыз түрде бөгден адамды өткізіп жібергені үшін әуе компаниясы мен әуежай қызметкерлеріне қатысты әкімшілік жаза қолданылды", – делінген хабарламада. Бұл жердегі бөгде адам – әнші Төреғали Төреәлі. 

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесінің инспекторы Ринат Рахымгереевке 200 АЕК (48 100 теңге), Алматы әуежайы авиациялық қызметінің тексеру бөлімшесінің инспекторы Абылай Қырғызбаевқа 20 АЕК (48 100 теңге), авиациялық қауіпсіздік қызметі тексеру бөлімшесінің инспекторы Шолпан Зәкіроваға 20 АЕК (48 100 теңге), Air Astana АҚ әуекомпания жолаушыларына қызмет көрсету агенті Карина Әбдурахиповаға 20 АЕК (48 100 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

"Комитет заң бұзушылыққа шыдамдылық танытпайды, бұндай оқиғалар алда болмауы керек деп есептейді", – делінген хабарламада. 

Загрузка...