Назарбаев пен Сербия президенті Вучич бір-бірін орденмен марапаттады

Қазақстан
3848
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы өзара байланыстардың достық сипатын атап өтіп, оны одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда екі жақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің өзекті  мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы өзара байланыстардың достық сипатын атап өтіп, оны одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

Фото -

"Президент мырза, Cіз "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне арнайы келіп, бізге қолдау көрсеттіңіз. Ал, бүгін VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу үшін Қазақстанға ресми сапармен келдіңіз. Мұның бәрі біздің елімізге деген сіздің нағыз достық ниетіңізді білдіреді. Біз мұны жоғары бағалаймыз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Фото -

Мемлекет басшысы екі жақты экономикалық қатынастарды ілгерілету мүмкіндіктеріне арнайы тоқталды.

"Менің Сербияға сапарым барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес логистика, көлік және коммуникация, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және құрылыс салаларында ынтымақтастығымызды кеңейту қажет. Сіздің бүгінгі сапарыңыз өзара ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді", – деді Қазақстан Президенті. 

Фото -

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасында достық пен ынтымақтастықты және бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Вучичті І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.  

А.Вучич Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық көрсетіп қарсы алғаны үшін және халықаралық аренада Сербияға жан-жақты қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Қазақстан Президентін ең жоғары мемлекеттік деңгейдегі І дәрежелі "Сербия Республикасының Орденімен" марапаттады. 

Фото -

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить