1058

Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті

Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті.

"Бізді Әл-Азһар университетімен ертеден орнаған қарым-қатынастар байланыстырады әрі оның ғалымдарының еңбектерімен таныспыз. Сіздің съезге қатысуыңыз ортақ ісімізге қосылған зор үлес болатынына сенімдімін", – деді Мемлекет басшысы.

Шейх Ахмад ат-Тайеб форумға шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

"Менің Қазақстанға алғаш сапармен келген кезімнен бері Астана қатты өзгерген. Мұнда көптеген әдемі ғимараттар бой көтеріпті", – деді дін қызметкері.

Фото -

Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалогтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

Загрузка...