619

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады Сурет: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Асқар Жұмағалиев әлеуетті шетелдік инвесторлар үшін бірқатар панельді сессия өткізілгені жөнінде мәлімдеді. Бұл басқосуларда Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі, экономиканың жекелеген секторларына инвестиция салу, Ұлы Жібек жолын жаңғырту, көлік логистикасын дамыту жайы, сондай-ақ цифрландырудағы инновацияның рөлі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысына инвестициялық форумдар аясында өткен екі жақты кездесулердің нәтижелерін баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.


Загрузка...