603

Қазақстанда күн 13 қазанға дейін суытады

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - Қазақстанда күн 13 қазанға дейін суытады Көрнекі сурет

Қазақстанның бірнеше өңірінде 13 қазанда жаңбыр жауып, оның арты ылғалды қарға ұласады, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

"Елдің солтүстігінде 11 қазанда күндіз ауа температурасы 13-20 градус болса, 13 қазанда 0 градусқа дейін төмендейді, түнде минус 5 градусқа жетеді. Бұндай ауа температурасы Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік ауданынан келген арктикалық суық фронтпен байланысты", – деді синоптиктер. 

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында суық фронттың ықпалы 12-13 қазанда байқалады, жаңбыр жауады, оның арты ылғалды қарға ұласады. 

Загрузка...