617

Назарбаев VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ашты

Ол съездің қатысушылары мен қонақтарына арнап сөз сөйледі.
Фотография - Назарбаев VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ашты Сурет: © Әлибек Махметов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ашты, деп хабарлайды Today.kz. Ол съездің қатысушылары мен қонақтарына арнап сөз сөйледі. 

"Құрметті съезд қатысушылары мен қонақтары, ханымдар мен мырзалар! Сіздерді қонақжай қазақ жерінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Діни көшбасшыларға, халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, саясаткерлер мен сарапшыларға біздің съезді шақыру туралы бастамамызға қолдау көрсетіп, оның жұмысына қатысқандары үшін терең құрметімізді білдіруге рұқсат етіңіздер.

Тарихи бірінші съезд өткеніне 15 жыл болды. Бүгін біз осы жерге алтыншы рет жиналып отырмыз 

Бұған дейінгі отырыстарға қатысқан ескі достарымызды көру мен үшін қуанышты жайт. Астанаға алғаш рет келіп отырғандарға "қош келдіңіз" дейміз, – деді Президент. 

Фото -

Президент 2018 жылы елорда 20 жылдығын атап өткенін еске салды. Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі оның визитті карточкасы екенін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, Астана барлық мәдениетке ашық Еуразияның болашақ қаласы ретінде салынды. 

"Астана бүкіл әлемдік қоғамдастыққа бітімгершілік процесстердің, бастамаларды түйіндестірудің нүктесі ретінде танымал. Алдыңғы съездің өткеніне үш жыл толғанда Қазақстан елордасында жаһандық деңгейдегі маңызды шаралар жүргізілді. Астанада қабылданған шешімдер ауқымды халықаралық резонанс тудырды", – деді Президент. 

Фото -

Фото -

Мемлекет басшысының сөзінше, саясаткерлер мен дін қызметкерлерін діни алауыздық, қоршаған ортаның ластануы сияқты мәселелер алаңдатпай қоймады. 

Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді. 

Дәл қазір болашақ адамзаттың бет-бейнесі қалыптасуда

Келер ұрпаққа ортақ планетамызды қандай күйде тапсыра аламыз – өркениетіміздің басты проблемасы осы. Біздің үшінші мыңжылдықта өмір сүріп жатқанымызға 18 жыл болды, алайда бейбітшілік, бақ-береке мен молшылық адамзат дамуының негізгі үрдісіне айнала алмады. Әлемдік қоғамдастық өзара сенімсіздіктің, жек көрушілік пен қақтығыстың иірімінен шыға алмай келеді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Загрузка...