823

11 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - 11 қазанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

Қазақстанның көп бөлігінде 11 қазанда күн ашық. Жеті облыста өрт тұтану қаупі бар, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында жел секундына 15-20 метрге, күндіз 23-28 метрге дейін күшейеді. 

Ақмола облысында жел секундына 25 метрге дейін жетеді. 

Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-20 метр секунд болады.  

Түркістан, Қарағанды, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады. 

Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаурі бар. 

Загрузка...