455

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жариялады

None
Фотография - Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жариялады Сурет: ©Алмаз Төлеке

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

"13-14 қазанда Түркістан, 14 қазанда Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі, таулы аудандарда жаңбыр қатты жауады, арты ылғалды қарға ұласады. 13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс желі 15-20 метр секундпен, 23-28 метр секундпен, оңтүстік-батыста 30 метр секундпен соғады. 14 қазанда ауа температурасы 5-10 градусқа дейін жылынады. 

13 қазанда Қызылорда облысының кей жерінде солтүстік-батыс желі 23-30 метр секунд жылдамдыққа жетеді", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Дабылдың орындалу мүмкіндігі 85-90 пайыз. 

Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт нашарлайды. 

"12 қазанда Батыс Қазақстан облысында тұман болады, солтүстік желі 15-20 метр секундқа жетеді. Оралда 12 қазанда жел секундына 18 метр секундқа дейін қозғалады", – делінген хабарламада. 

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, БҚО-да дабылды ескертудің орындалу мүмкіндігі – 90-95 пайыз. 

Загрузка...