579

12 қазанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде тұман болады, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Фотография - 12 қазанға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

12 қазанда Қазақстанның көп бөлігінде күн ашық болады. Тек солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Республиканың кей жерлерінде тұман болады, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел секундына 20-23 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде 25-28 метр секундқа дейін жетеді. 

Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өрт тұтану қаупі бар. 

Загрузка...