1599

Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда xабарлады.
Фотография - Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті Сурет ашық дереккөзден алынды

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Президенттер елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуы жөнінде әңгімелесіп, Қазақстандағы биылғы Өзбекстан жылы аясында көп жақты ықпалдастықты тереңдету үшін атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.  

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Загрузка...