1340

Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub технопаркін ашты

Мемлекет басшысы бұл шара Қазақстан үшін VI өнеркәсіп төңкерісі жағдайында маңызды әрі өзекті екенін атап өтті.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub технопаркін ашты Сурет: ©Әлибек Махметов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 әлемдік көрмесі аумағында орналасқан Astana Hub халықаралық технопаркін ашты, деп хабарлайды Today.kz

Мемлекет басшысы бұл шара Қазақстан үшін VI өнеркәсіп төңкерісі жағдайында маңызды әрі өзекті екенін атап өтті. 

"Әлем қалай жылдам өзгеріп жатқанын бәріміз білеміз, интернет, жасанды интеллект, 3D-баспа технологиялары және блокчейн адамзат өмірінің бүкіл саласына белсенді түрде еніп келеді. Бұл – қазіргі заманның негізгі үрдісі. Цифрландыру мемлекеттердің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының біріне айналды. Бүгінде әлемнің жетекші елдері, сондай-ақ олардың G-20 және Еуропа Одағы сияқты бірлестіктері өздерінің цифрландыру жөніндегі стратегиялық құжаттарын қабылдады", – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Фото -

Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін елде өнеркәсіп тоқтап, дүкен сөрелері бос қалғанын, зейнетақы мен жалақы төленбегенін еске түсірді. Оның сөзінше, сол кездері экономиканы жылдам приватизациялау жұмысы жүрген. 

Фото -

"Үшінші модернизацияны жаңа кезеңді, жаңа технология, цифрландыруды ескере отырып жүргізудеміз. Қазір алғашқы нәтижені көріп отырмыз. Азаматтардың 70 пайызы электронды денсаулық паспортына ие, 90 пайыздан аса мектеп қаржы саласында цифрлы ағарту ресурстарымен қамтамасыз етілген, кеден декларациясы 100 пайыз электронды нұсқада рәсімделеді", – деді Мемлекет басшысы. 

Президент экономика саласында цифрлы технологияны енгізуде, өнеркәсіпті "ақылды" өндіріске кезең-кезеңімен аударуда кешенді жұмыс жүріп жатқанын қоса айтты, сондай-ақ ірі қалаларға тұрғындардың өмірін жақсарту үшін SMART-city компоненттері енгізілуде. 

Фото -

Нұрсұлтан Назарбаев әр ауылға кең жолақты Интернетті енгізуде ауқымды жұмыс жасалып жатқанын жеткізді, 2021 жылдың соңында ауылдардың 82 пайызына Интернет жетеді. 

Фото -

Президент Hub базасында жаңа IT- университетінің құрылғанын айтты, ол 2019 жылдың 1 қыркүйегінде жұмысқа кірісіп, IT-технология мамандарын дайындайтын болады. 

"Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі инновациялық эко-жүйенің ядросы атанады. Технопарктың жұмысына қатысушылар жеңілдетілген виза және еңбек режімдерін пайдалана алады, сондай-ақ оларға салық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Технопарк базасында тәлімгерлік институты құрылды. Оның аясында сарапшылар стартап-командаларға қамқорлық жасайтын болады", – деді Назарбаев. 

Фото -

Мемлекет басшысы құрастырылған IT-хабқа таңырқағанын айтты, енді оның негізгі міндеті IT-таланттарды жаңадан генерациялау болмақ. 

Фото -

Фото -

Загрузка...