587

Нығматулин Қазақстанға келіп жатқан жаңа дәрілерді "бір-біріне ұқсас" деп атады

Қазақстандықтар сапалы дәрі-дәрмектің орнына ішінде ештеңе жоқ құр нәрсені сатып алып жүр.
Фотография - Нығматулин Қазақстанға келіп жатқан жаңа дәрілерді "бір-біріне ұқсас" деп атады Көрнекі сурет

Қазақстандықтар сапалы дәрі-дәрмектің орнына ішінде ештеңе жоқ құр нәрсені сатып алып жүр. Бұл туралы парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау туралы заң қаралған жоспарлы отырыс барысында айтты, деп хабарлайды Today.kz

Нығматулиннің сөзінше, көптеген жаңа препарат Қазақстан бойынша сатылымға рұқсат алады, ал фармакологиялық компаниялар оны дәрігерлер арқылы сатады. 

"Мынадай тәжірибе жүріп жатыр, жарнама көресіз, құр нәрсе шығарады, оған мынадай көп ауруды тізіп қояды және медициналық мекемеге келген біздің бейшара науқастар оларды... Кейін осы фармкомпаниялармен байланысы бар дәрігерлерді іске қосады. Міне, мәселе қайда жатыр! Бір препарат туралы шешім қабылдайтын адамның атын атаңыздаршы. Кеңес бересіздер, сосын бекітесіздер, оны ауруды емдеу үшін қолданысқа енгізеді. Кім? Қандай комиссия және бұған кім жауап береді?" – деді Нығматулин денсаулық сақтау министріне қарап. 

Елжан Біртанов бұндай шешімді Қазақстанда құзіретті орган қабылдайтынын айтты. 

"Фармация комитеті, денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрі құралдарын сараптайтын Ұлттық орталық препараттың тиімділігін анықтау үшін қажетті барлық сараптаманы жүргізеді, жануарларға салып сынайды. Егер бұл дәрі бұрын қолданылған болса, бірақ Қазақстанға бірінші рет келіп тұрса, барлық құжаты түгел болуы тиіс. Осылайша дәрі тіркелгендердің қатарына кіреді", – деді министр. 

Дәріні сараптауға жауапты комиссияны денсаулық сақтау вице-министрі басқарады. 

"Бәрі түсінікті. Бұл комиссияның ауруды емдей алатын препаратты енгізу керектігін түсінгені өте маңызды. Бұл дәрінің нарықта өзіндік құны болады (...) Қазір көріп отырғанымыз әлдебір ұқсас дәрілерді, аналогтардың аналогын шығарып жатыр, нарық толық, ал адамдар мен айтқандай дәрі-дәрмекті ішінде ештеңесі жоқ құр нәрсе деп ойлайтын болды", – деді мәжіліс төрағасы. 

Нұрлан Нығматулин денсаулық сақтау министрлігіне комиссия азаматтар сапалы препараттар сатып алуы үшін жұмыс істеуі тиіс екенін ескертті. 

Загрузка...