588

Қазақстанда 10 қарашаға дейін 20 градустық аяз болады

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - Қазақстанда 10 қарашаға дейін 20 градустық аяз болады Көрнекі сурет

Қазақстанда 10 қарашаға дейін ауа райы қандай болатынын "Қазгидромет" синоптиктері айтты. Республиканың бірнеше өңірінде күн суытып, жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі, қатты жел соғады, деп хабарлайды Today.kz.

"Баренцев теңізі аудандарынан қалыптасып келе жатқан суық атмосфералық фронттармен бірге Қазақстанға арктикалық ауа массасы келетін болады. Соңғы уақытта ауа температурасы республикада климаттық қалыптан жоғары болса, алдағы үш күнде қалыптағыдан 3-8 градусқа дейін төмендейді", – деді синоптиктер. 

Күн суытып, жауын-шашын, қар, тұман, көктайғақ болады. 

Ал солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде қыс басталады, боран, қатты солтүстік-батыс желі күтіледі, түнде температура 10-15 градусқа төмендеп, кей жерлерде 20 градустық аяз болады. 

Загрузка...