565

8 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.
Фотография - 8 қарашаға арналған ауа райы болжамы Көрнекі сурет

8 қарашада Қазақстанда жауын-шашын, қатты жел, тұман, көктайғақ және аздаған боран күтіледі, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Синоптиктердің сөзінше, республиканың көп бөлігі белсенді фронтальды әрекеттің ықпалында болатындықтан, ауа райы құбылып тұрады. 

Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді, тұман, көктайғақ, боран күтіледі. 

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, тұман, көктайғақ, боран болады. 

Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында жел секундына 20-25 метрге дейін күшейеді. 

Алматы және Жамбыл облыстарында тұман болады, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман болады. 

Загрузка...