601

Шымбұлақта мөлдір кабина пайда болды

Бұндай аттракционға міну "Медеуден" "Шымбұлаққа" дейін бару-келуді қосқанда төрт мың теңге тұрады.
Фотография - Шымбұлақта мөлдір кабина пайда болды Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Шымбұлақ" тау-шаңғысы шипажайында Shymbulak 360° мөлдір фуникулері пайда болды, деп хабарлайды Today.kz Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Панорамалық кабиналар халықаралық стандартқа сай, оны швейцариялық CWA компаниясы құрастырған. Бір кабинаның құны тасымалдаушы мен кеден төлемін қоспағанда 30 мың евроны құрайды. 

Бұндай аттракционға міну "Медеуден" "Шымбұлаққа" дейін бару-келуді қосқанда төрт мың теңге тұрады. 

"Шымбұлақ" мөлдір кабинасы арқылы жан-жақ анық көрінеді. 

Осыған ұқсас  Нгонг Пинг 360 арқанды жолы Гонконгте бар. Аталған құрылғы іске қосылғаннан кейін Тунг Чнгке келетін туристер саны үш есеге ұлғайған. 

Загрузка...