613

Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды

Бұл туралы синоптиктер айтты.
Фотография - Қазақстанның үш облысында дабылды ескерту жарияланды Көрнекі сурет

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа райы нашарлағанына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Өңірлерде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Қостанай облысында жел секундына 20 метрге дейін күшейеді, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында 25 метр секундқа жетеді. 

Бұдан бұрын синоптиктер 10 қарашаға дейін күн суытатынын айтты. Кейбір өңірлерде 20 градустық аяз күтіледі. 

Загрузка...