520

Петропавлда Путинге Қазақстанда жасалған қамшы сыйға берілді

Ресей басшысы сыйлықты жылы қабылдады.
Фотография - Петропавлда Путинге Қазақстанда жасалған қамшы сыйға берілді Сурет: today.kz

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин  Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумының ашылу рәсімі аясында екі елдің туризмін дамытуға арналған көрмеге қатысты, деп хабарлайды Today.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинді көрме өтіпі жатқан теннис ғимаратында қарсы алды. Президенттер қол алысып, батыр-актерлердің сәлемін алып, көрмеге аттанды, Көрмеде Қазақстанның облыс орталықтары мен Ресейдің өңірлері қойылған стендтар көзге түсті. Ең ірісі Түркістанның стенді болды. 

Фото -

Фото -

Қазақстан мен Ресей басшылары экскурсияводтарды тыңдап қана қоймай, көрме қатысушылармен сөйлесті. Мысалы, батырлардың бірі қас-қағым сәтте ұзын әрі қалың түйін түйіп, Елбасының рұқсатымен оны Путинге ұсынды. 

"Енді Владимир Владимирович, түйінді шешіңіз", – деп қалжыңдады Назарбаев. 

Фото -

Екеуі де халықтың қошеметімен түйінді шешті. Владимир Путинге "қамшы" сыйға берілді. Today.kz тілшісі анықтағандай, қамшы қоладан құйылған, сырты алтын мен күмістен жасалған. Қамшы Қазақстанда жасалған. Толықтай қолдан шыққан бұйым. 

Владимир Путин сыйлықты жылы қабылдады. 

Фото -

Естеріңізге салайық, 9 қараша таңертең Солтүстік Қазақстанға Нұрсұлтан Назарбаев ұшып келді. Ол облыстағы бірнеше нысанды аралайтын болады.

Загрузка...