638

Бір әрі көрші, әрі туысқанбыз – Назарбаев Путинге

Путин мен Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумының ашылу салтанатына қатысты.
Фотография - Бір әрі көрші, әрі туысқанбыз – Назарбаев Путинге Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен жылы қарым-қатынастың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Today.kz

"Сізді қуана-қуана жақын серіктесіміз әрі жақын көршіміз ретінде қабылдаймыз. 

"Жақын көрші алыс туысқаннан да жақсы" деген бар 

Сондықтан біз әрі көрші. әрі туысқанбыз", – деді Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумының ашылу салтанатында. 

Ақорданың сайтында хабарланғандай, Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен жүздескенде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы табысты өткенін айтты.

Қазақстан Президенті бүгінгі өңіраралық ынтымақтастық форумы тақырыбының өзектілігін атап өтіп, мәдени және экономикалық ықпалдастық аясында туризм саласындағы ынтымақтастықты өркендетудің маңыздылығына арнайы тоқталды.

В.Путин Қазақстанның сауда-экономика саласындағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтіп, екі жақты қарым-қатынастардың жоғары даму қарқынына назар аударды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Президенті туризм саласындағы екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың әлеуеті зор екенін айтты.

Келіссөздер соңында мемлекеттер басшыларына "Байқоңыр" ғарыш кешенін дамытуға арналған жоба таныстырылды. Сонымен қатар, Президенттерге әлеуметтік нысандардың салыну барысы, инфрақұрылым желілерінің жөнделу нәтижелері және Байқоңыр қаласындағы тұрғын үй алаптарының газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Загрузка...