619

ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы қазақстандықтарды теңгенің 25 жылдығымен құттықтады

Ұлттық Банк төрағасы қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Фотография - ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы қазақстандықтарды теңгенің 25 жылдығымен құттықтады

Алматыда Қазақстандық қаржыгерлердің VIII конгресі басталды, деп хабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жиында ҚР Ұлттық банкінің төрағасыы Данияр Ақышев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ шетелдік орталық банктердің басшылары қатысып жатыр. 

"15 қараша еліміздің өткенін, бүгінін, болашағын айқындайтын ұлттық валютаның туған күні. Теңге тәуелсіз мемлекеттік валютасы ретінде аяғынан тұрды. Бүгін ұлттық валютамыз теңгенің айналымға шыққанына 25 жыл толып отыр. Төл теңгеміз өз ақша несие-саясатын жүргізіп, ұлттық қаржылық жүйемізді құруға мүмкіндік берді. Қазіргі тұрақты дүниелердің барлығы кезінде арман мен қиял сияқты еді. Ақырындап Қазақстанның толық қаржылық жүйесі қалыптасты. Бізге оңай болған жоқ, дамудың бірқатар кезеңінен өттік. Экономикалық серпілістердің арты дағдарыс жылдарына ұласты. Бізге бұның барлығы тәжірибе, білім болды", – деді бас банкир Данияр Ақышев.

Ұлттық Банк төрағасы қаржыгерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

"Тағы да ұлттық валюта күнімен және кәсіби мейраммен шын жүрегімнен құттықтаймын. Әрқайсыңа мықты денсаулық, бақыт тілеймін, ойлаған мақсаттарыңыз орындалсын!" – деді Ақышев. 

Загрузка...