5092

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық полициялардың жаңа формасын көрді

Көзге бірінші түсетін өзгеріс – жазу. Енді полицияның киімінде POLITSIIA деген жазу болады.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық полициялардың жаңа формасын көрді Сурет: 24.kz

Қазақстандық полициялардың жаңа формасы дайын. Оны бірінші болып Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрді. Форманы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды, деп хабарлайды Today.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көзге бірінші түсетін өзгеріс – жазу. Енді полицияның киімінде POLITSIIA деген жазу болады. 

Кезеңге байланысты форма да әртүрлі. Комплектің ішінде полициялар әдетте киетін киім бар, ұзын және қысқа жеңді көйлек, бас киім, кепка, жылы киім, т.б. табуға болады. 

Фото -

Сурет: 24.kz

Қасымовтың сөзінше, жаңа форманың ескіден айырмашылығы – ыңғайлылығы мен дизайнының заманға сай жасалуында. 

Полицияның жаңа киімі ресми түрде таныстырылмас бұрын қазақстандықтардың қызу талқысына түсті. Әркім өз нұсқасын ұсынып, жаңа форманың қандай болатынын болжап көрді. 

Жаңа форманы көрген әлеуметтік желі қолданушылары енді өз ойларып жазып жатыр. Пікірлер әдеттегідей екіге жарылған. Бірі ұнағанын айтса, екіншілері ешқандай ерекшелік көрмегендерін жазған. 

Фото -

Естеріңізге салайық, ҚР ІІМ реформа аясында жаңа формаға өтуді жоспарлаған еді. 

Today.kz редакциясы бұл тұрғыда оқырман пікірін білгісі келеді. Төмендегі сауалнамаға қатысып, ой бөлісіңіз!

{{poll.title}}

{{a.title}}

{{a.title}}

Загрузка...