4196

Қазақстанда балалар үйі болмауы тиіс – Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекет басшысы өзін жетімдердің жағдайы алаңдататынын айтты.
Фотография - Қазақстанда балалар үйі болмауы тиіс – Нұрсұлтан Назарбаев Сурет: ©Әлибек Махметов

Қазақстанда балалар үйі болмауы тиіс. Бұл туралы Астанада өткен азаматтық форумның VIII жоспарлы отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Today.kz

Ол форумда айтылған барлық ұсыныс, тілек мұқият қаралуы тиіс екенін айтты. 

"Бірлесе жұмыс жасаймыз. Атап өткім келетіні, көбі қаражатпен байланысты, бірақ бәрін ақша шеше алмайды. Міне, Айдын Рақымбаев. Көп бизнесмен қайырымдылықпен айналысады, көмек көрсетеді. Міне, аналар үйі, жетімдер мені уайымдатады. Менің ойымша Қазақстанда балалар үйі болмауы керек. Қалай болмауы керек екенін ол көрсетіп береді. 

Балаларымыз шетелге кетіп, сол жақта қалып жатыр, бұған қалай жол бердік? Кетіп қалғандар да бар, бірақ өзге елде жағдайлары қандай? 

Балаларды тәрбиелеуге мүмкіндіктері бар адамдар оларды балалар үйінен алулары керек. BI Group-тың жұмысын қолдауға тиіспіз", – деді мемлекет басшысы.

Президент мінбеге ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті шақырды. Мемлекет басшысы елімізде бала асырап алу жөнінде 11 шетелдік агенттік бар екенін, бірақ ішінде бірде-бір қазақстандық агенттік жоқ екенін айтты. Өз кезінде ҚР БҒМ екі жылдан кейін балалар үйінде 2500 бала қалатынын айтып, уәде берді. 

Фото -

Нұрсұлтан Назарбаев аналар үйі мен балалар үйі қиын жағдайға тап болған әйелдер балаларын тастап кетпеулері үшін көмек беретінін атап өтті. 

Фото -

Естеріңізге салайық, Астанада VIII азаматтық форум өтті, онда азаматтық қоғамның мәселелері талқыға салынды. 

Қазақстан азаматтық альянсының басшысы Асылбек Қожахметов шенеуніктер өздеріне келген азаматтарды алдарынан шығып қарсылау керектігін жеткізді.

Фото -