980

Kaspi bank-тегі "нөл" болып қалған шоттар жайлы банк не дейді

Каспий банктегілер клиенттерінің "босап қалған" шоттары туралы шағымына қатысты пікір білдірді.
Фотография - Kaspi bank-тегі "нөл" болып қалған шоттар жайлы банк не дейді Көрнекі сурет

Каспий банктегілер клиенттерінің "босап қалған" шоттары туралы шағымына қатысты пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде көптеген шот нөл болып қалғаны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды Today.kz

Редакциямызға банк қосымшасындағы шоттарындағы қаражат "жоғалып" кеткенін айтып, оқырмандар хабарласты. 

Одан бөлек, адамдар 9999 call-орталық нөміріне хабарласа алмай жатыр. 

"Техникалық қателік болды. Клиенттер банкоматқа барып, шоттарын тексеріп, қаражаттарын шешіп алса болады. Себебін анықтап жатыр, аз уақыт күту керек. Ақша ешқайда жоғалып кеткен жоқ", – деді банктің баспасөз қызметі.