3157

Алматының айналма жолдарындағы жылдамдықтың азаюы халыққа не береді

Сарапшылар Алматының ең негізгі жолдарының бірін не күтіп тұрғанын айтты.
Фотография - Алматының айналма жолдарындағы жылдамдықтың азаюы халыққа не береді Сурет: tochka-na-karte.ru

Сарапшылар Алматының ең негізгі жолдарының бірін не күтіп тұрғанын айтты. Бұл мегаполис әкімі Бауыржан Байбектің мәлімдемесіне байланысты айтылды. Әкім әл-Фараби даңғылында Сайын көшесінің бойында Шығыс айналма жолда рұқсат етілетін жылдамдықтың азаятынын мәлімдеген болады. Енді бұл жолмен сағатына 60 километр жылдамдықпен ғана жүруге рұқсат. Today.kz тілшісі бұл өзгерістің қаншалықты тиімді екенін сарапшылардан сұрап көрді. 

Бауыржан Байбек Алматыда жылдамдық режимінің бұзылуы салдарынан жол апаты көбейетінін айтты, бірақ кейбір сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. 

Тәуелсіз автокөліктер одағының төрағасы Эдуард Эдоков биліктің осынау әрекетін түсінбеген. 

"Жаңа шектеу қою жоспарланып отырған көшелер магистральды болып саналады, олар транзиттік транспортты айналымға жіберіп, қала орталығын босатуға арналған. Бұл көшелер өз міндеттерін атқарып жатыр. Пик сағатында көлік тығыны болады, бірақ бұл көшелерде сағатына 80 шақырым жылдамдық тиімді", – деді ол. 

Фото -

Сурет: Алмаз Төлеке

Эдуард Эдоков өзгеріс жол апатын азайтқанымен, екінші тұсы да бар екенін айтты. 

"Жол апаты мен оның салдары азаюы мүмкін, бірақ автокөліктердің орташа жылдамдығы азайып, экологиялық салмақ көбейеді. 

Жалпы алғанда біз бұл көшелермен баяу жүріп, көлік тығынында көбірек тұратын болдық  

Мен жағдайды өзгертетіндей объективті фактор көріп отырған жоқпын, сондықтан бұл шешімнің күмәнді тұсы көп", – деді сарапшы. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігі Ассоциациясының президенті Арсен Шакуов жол қозғалысын жақсарту үшін басқалай кешенді шара керек екенін айтты. 

"Әл-Фараби даңғылына керісінше жылдамдықты сағатына 120 километр етіп көбейту керек, жолды жаяу жүргіншілерге рұқсат етілмейтіндей оқшаулаған дұрыс. 

Мәселені рационалды түрде қарастырған жөн, белгі, камера, ескерту сияқты барлық тәсілді қолдану керек. Бізде тек шектеу шаралары қолданылады 

Жеке ойым сол, жылдамдықты азайту арқылы ештеңе шешілмейді", – деп түсіндірді ол. 

Шакуовтың сөзінше, рұқсат етілетін жылдамдықты азайту стратегиясы бойынша сағатына 50 километр жылдамдыққа тоқтаған дұрыс. 

"Ресми статистика бойынша, автокөлік сағатына 50 километр жылдамдықпен жүрген кезде жаяу жүргіншілердің 92 пайызы тірі қалады. Сағатына 60 километр жылдамдық кезінде жаяу жүргіншілердің 98 пайызы қайтыс болады. Айырмашылығы жер мен көктей", – деді қозғалыс қауіпсіздігі Ассоциациясының басшысы. 

Автоблогер Жанна Ахметова жол ережесін бұзатындар үшін жылдамдықтың ешқандай маңызы да, рөлі де жоқ деп есептейді. 

"Енгізіліп отырған шектеуді қолдамаймыз. Бұл көшелерде аса ауыр жол апаттары болады, олар сағатына 100 километр жылдамдықпен жүрген кезде жасалады, яғни бұны заңды өрескел бұзатын қылмыскерлер жасайды. 

Олар ережені біле отырып бұзады. Даңғойлар ғана жол апатын жасайды, оларға бәрібір, жылдамдыққа қарамайды

Заңға бағынатын азаматтар жылдамдық режимін сақтайды, ал аналар болса бәрібір қатты жүреді. Сағатына 80 километр жылдамдықпен жүретіндер жол апатына түспейді. Заңға бағынатын азаматтар жылдамдық режимін сақтайды, ал аналар болса бәрібір қатты жүреді. Сағатына 80 километр жылдамдықпен жүретіндер жол апатына түспейді. Егер біз бос көшемен сағатына 60 километр жылдамдықпен жүретін болсақ, ауаны түтіндеткеннен басқа ештеңе бітірмейміз", – деді Жанна Ахметова. 

Фото -

Сурет: issyklife.kz

Жанна Ахметова шетелдік тәжірибені мысалға келтірді. 

"Дубайда жылдамдығы сағатына 60 километрден көп емес, 100-ден аз емес айналма жол бар. Мәскеуде жақында сағатына 100 километр жылдамдық енгізілді. Бұл дегеніңіз айналма жолдар, даңғылдар. Қаламызда жылдамдықты сағатына 40 километр болатындай етіп азайтқаны қаладағы қозғалыстың бәсеңдеуіне әкелді, тамаша болды. Бірақ айналма жолда жылдамдықты не үшін сағатына 60 километр етіп тастағанын түсінбеймін", – деді автоблогер. 

Естеріңізге салайық, Алматы әкімі Бауыржан Байбек жолдағы көлік қозғалысының сапасын жақсарту мақсатында әл-Фараби, Сайын көшелеріндегі, Шығыс айналма жолындағы жылдамдықты бұрынғы 80-нің орнына сағатына 60 километр етіп азайту керектігін айтты. 

Today.kz редакциясын әл-Фараби, Сайын, Шығыс айналма жолындағы жылдамдықты шектеуге қатысты пікіріңіз қызықтырады. Сауалнамаға қатысып, пікір алаңына өз ойыңызды жазыңыз. 

{{poll.title}}

{{a.title}}

{{a.title}}

Загрузка...